- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық барлаушылар ҰҚШҰ қатысушы елдерінің оқу-жаттығуында бірлескен іс-қимыл тәжірибесін жинақтайды (ФОТО)
Қазақстандық барлаушылар ҰҚШҰ қатысушы елдерінің оқу-жаттығуында бірлескен іс-қимыл тәжірибесін жинақтайды (ФОТО)
Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Магоб» оқу-жаттығу орталығының полигонында және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері 201-ші әскери базасының «Ляур» полигонында өтуде.
Оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштерінің құрамынан әскери, арнайы, радиоэлектрондық, әуе барлауы бөлімшелерінің әскери қызметшілері, барлығы 1 500-ге жуық әскери қызметші, сондай-ақ армиялық, жедел-тактикалық және әскери-көліктік авиация бөлімшелері қатысады.
Әскерлер топтамасының барлау бөлімшелері оқу-жаттығу барысында тауларда барлауды жүргізу, барлау ақпаратын жинау, өңдеу, талдау және ақпарат алмасу, сондай-ақ таңсық жерде өте маңызды нысандарды басып алу және жою жөнінде арнайы операциялар барысындағы іс-қимылдар тәжірибесін жинақтайды.
«Біз қойып отырған басты міндет – ол ҰҚШҰ-ның әртүрлі мүше мемлекеттерінің барлау құралдарын басқару мәселелерін пысықтау, сондай-ақ бірлескен іс-қимылдарға арналған әскери барлау арнайы бөлімшелерінің тәжірибе жинақтауы болып табылады. Көптеген мемлекеттер өздерінің техникалық барлау құралдарын алып келгені аса маңызды болып отыр. Олардың барлығы тартылады. Осы құралдармен әртүрлі мемлекеттердің өкілдері таныс болады. Бұл бізге оларды біріздендіруге, ал ең бастысы тапсырмаларды орындау кезінде оларды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа.
Арнайы оқу-жаттығулардың мақсаты қарсыласты жою мүддесінде барлау ақпаратын жинау, талдау, өңдеу және жеткізу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ барлауды ұйымдастыруда басқару органдарының қабілеттілігін тексеру болып табылады.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді