- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресейдің нейрохирургтары бірлесіп омыртқаға бірегей операция жасады
Қазақстан мен Ресейдің нейрохирургтары бірлесіп омыртқаға бірегей операция жасады
“Операция - бел остеохондрозы, диск жарығы, омыртқа жылжуы және басқа да патология кезінде арқа тұрақсыздығының дамуы барысында көрсетілді. Операцияның маңыздылығы буын капсуласына кішірек имплантты бекіту жолымен омыртқа сегментін тұрақтандыру болып табылады. Нерв құрылымын сақтау операциялық микроскопты қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Әдіс кішіинвазивті болып табылады, кесік 1,5-2,0 см құрайды, паравертебралды бұлшықеттер жарақатталмайды”, - делінген хабарламада.
«Омыртқа остеохондрозы ең көп таралған ауру болып табылатындығы баршаға мәлім, халықтың 80%-ы өмірде бір рет болса да арқадағы ауырсынуларды сезінеді. Қағидаға сәйкес, ол арқа тұрақсыздығына және де ауырсынуларға әкеледі. Көп жағдайларда омыртқаның «тозған» буындары ауырсыну көзі болып табылады. Буын фасеткасын бөлек ауыстырудағы кішіинвазивті жолмен жасалатын аталған операция барлық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді және сонымен қатар, паравертебралды бұлшықеттердің тұтастығын сақтайды. Омыртқаның кішіинвазивті буын фиксациясы балама дәстүрлі транспедикулярлы фиксация болып табылады, ол барлық омыртқа сегментін фиксациялайды және буындарды жарақаттайды» - дейді Ұлттық нейрохирургия орталығының жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев.
«Мемлекетаралық ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық шеңберінде жаңа әдісті қолданумен омыртқаға 5 кішіинвазивті операция жасалды. Сапар шеңберінде дәрістер оқылды, әртүрлі пациенттердің сырқатнамалары талқыланды, емдеу тәсілдері таңдалды, осындай операцияларды өткізу үшін жаңа материалдар әкелінді. Аталған әдіс инновациялық болып табылады және осы саладағы АҚШ-тың жетекші компаниясымен бірнеше жыл бұрын әзірленген. Бүгінгі күні осындай операциялар тек қана біздің клиникамызда, Еуропаның және Сингапурдың кейбір орталықтарында және енді Қазақстанда жасалады. Ұлттық нейрохирургия орталығының керекті барлық жаңа жабдықтармен жабдықталуын және қазақстандық нейрохирургтердің жоғары кәсібилілігін бағалай отырып, келешекте осындай операцияларды өткізу проблема тудырмайды», - деп түйіндеді Вадим Бывальцев.
Аталған жоғары технологиялық операцияларды қолдану операциядан кейінгі ерте кезеңде пациентті белсендендіруге ықпал етеді және оның толыққанды өмір сүруіне әкеледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды