- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық Фемида қызметкерлерінің жалақысы 4 жылда 60%-ға өсті – Н.Назарбаев
Қазақстандық Фемида қызметкерлерінің жалақысы 4 жылда 60%-ға өсті – Н.Назарбаев
«Біз сот жүйесінің материалдық базасын барынша жақсарттық. Қазақстанның барлық соттары техникалық тұрғыдан жарақтандырылған, заманауи талаптарға жауап беретін нысандарға орналастырылды. Қазірдің өзінде аталмыш мекемелерге арнап құрылыстарды салуды жалғастырып жатырмыз. Мысалға, Астана, Алматы және Қостанай облыстарында сот нысандарының құрылысы аяқталуда. 4 жыл ішінде Фемида қызметкерлерінің айлық жалақысы 60%-ға өсті. Барлық деңгейдегі қазылардың айлық жалақысы өңірлерде жоғары дәреже», - деді Елбасы.
Отандық соттың интеграциясы мен еліміздің сот жүйесінің мойындалуында маңызды шара ретінде Мемлекет басшысы Қазақстанның судъялар Кеңесінің Халықаралық судъялар қауымдастығының толық құқылы мүшелігіне өтуін атады.
«Жалпы Қазақстандық Фемида қазіргі күні өзін- өзі қамтамасыз ете алатын, жауапкершігі жоғары және бірыңғай мемлекеттік билікте маңызды сала болып отыр. Осыдан мен Қазақстанның барлық соттарының ерен еңбегін көремін», - деді Мемлекет басшысы.
Сот-құқықтық саланың жаңалануы жайлы айта кетіп, Елбасы осы бір істің «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша ел дамуына молынан үлес қосуы керек екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, судьяларға қатысты өсіп келе жатқан мәселелердің тезірек шешімінің табылуы керек екенін мәлімдеді.
«2014 жылдың бюджетінде судьялар санын 450-ге, яғни 25%-ға көбейтуге тапсырма берілді. Және әрине 450 хатшы керек, тағы 60 пристав болады. Яғни сан 960 бірлікке ұлғайады»,-деді Президент.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан судъяларының VI съезінің өтіп жатқаны белгілі. Басты назарда Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елінің құрамына ену жолында сот жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысының Қазылардың V съезінде тікелей бұйырған сот өндірісіндегі күн тәртібіндегі мәселелерді шешу, сот жүйесінің рөлін анықтау болып табылады.
Съезге Қазақстанның әр аймағынан 600 сот өкілдері қатысты. Шақырылғандар арасында Ресей, Молдовия, Украина, Қырғызстан, Грузия Жоғарғы сотының жетекшілері бар. Шалғай шетелді БАӘ, Сауд Арабиясы мен Германия таныстырды. Сондай-ақ, форумға ЕҚЫҰ, БҰҰ, ТМД Еуропалық кеңесінің өкілдері мен ЕуАзЭҰ соттары қатысуда.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев