• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО елдері еуразиялық инжинирингтік орталық құрудың тұжырымдамасын бекітті

ЕАЭО елдері еуразиялық инжинирингтік орталық құрудың тұжырымдамасын бекітті

18 Сәуір, 2016 17:48
Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімдерімен Станок жасау бойынша Еуразиялық инжинирингтік орталық құрудың тұжырымдамасы және Еуразиялық технологиялық платформаларды құру мен жұмыс істеу қағидасы бекітілді, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

Инжинирингтік орталықтың негізгі қызметі  инновациялық технологиялық шешімдер әзірлеу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің машина жасау кешендерінің өндірістік процестеріне енгізуге жәрдемдесу.

«Тұжырымдама туралы № 1 шешімге сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің Үкіметтеріне ұлттық басымдықтарды негізге ала отырып Тұжырымдаманың іске асырылуын қамтамасыз ету қажет. Еуразиялық инжинирингтік орталық құру ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнеркәсіптерін жаңа технологиялық салтқа көшіруді қамтамасыз ету мақсатында инновациялық техникалық және технологиялық базаны қалыптастыруға бағытталған», - делінген хабарламада.

№ 2 шешімге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне 2016 жылғы 1 шілдеге дейін оның тізімі шеңберінде Еуразиялық технологиялық платформаларды құру туралы шешім қабылдау, ЕАЭО мүше мемлекеттерге Еуразиялық технологиялық платформаларды мемлекеттік ғылыми-техникалық даму бағдарламаларына қосу мүмкіндігін қарастыру тапсырылған.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар