- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу мәселесі талқыланды
Астанада мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу мәселесі талқыланды
Селекторлы байланыс форматында өткен жиналыстың жұмысына министрлік комитеттері және департаменттерінің басшылары, ведомстволық бағынышты ұйымдардың жетекшілері және Астана, Алматы ққ. мен аймақтар әкімдіктерінің салалық бөлімдерінің өкілдері қатысты, деп хабарлады ведомство.
Ведомство басшысы А. Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі мен оған қарасты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық фактілеріне тосқауыл қою және болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.
Ұлттық бюро төрағасының орынбасары А. Шпекбаев әлемдегі ең қауіпті нәрселердің бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзектілігі мен күрделілігіне тоқталды. Оның пайымдауынша, сыбайлас жемқорлық – азаматтардың заң жүйесіне сенімін бұзып, елдің экономикалық және инвестициялық тартымдылығын төмендедетін дерт болып табылады.
Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлықпен күрестің әлемдік рейтингтерінде Қазақстан көрсеткіштері жағымды динамиканы көрсетіп жатыр, дегенмен бұл саладағы алдын алу жұмыстарын белсендете түскен абзал.
Аталмыш өрістегі тиімді жұмыс үшін барлық жағдай жасалып, тиісті құқықтық база құрылған. 2016 жылы 59 Заң, соның ішінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заң қабылданып, 2015-2025 жж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия іске қосылды. Ол сыбайлас жемқорлықты болдырмау, ішкі және сыртқы қауіптерді сараптау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу, т.б. институттарды көздейді.
Сонымен қатар А. Шпекбаев мәдениет және спорт ұйымдары және мекемелері басшыларының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, сыбайлас жемқорлық қауіптерін алдын алу мен ескерту үшін барлық шаралар жүргізу және сала қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді