- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігінде денсаулық сақтау мәселелері талқыланды
Астана әкімдігінде денсаулық сақтау мәселелері талқыланды
Үстіміздегі жылдың ақпан айында елорда әкімінің халықпен есеп беру кездесуінде Денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдем бригадасының шақырулар бойынша жету уақытын 10 минутқа дейін азайту міндеті қойылған болатын. Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында елорда әкімдігі барлық қолайлы жағдайды жасағанына қарамастан «жедел жәрдем» жұмысында кемшіліктер бар. Жедел жәрдем қызметіне қатысты шағымдар әкімдікке әлі де болса, түсіп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, жедел көмекті күтуге көп уақыт кетеді.
Қала басшысының тапсырмасымен Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне талдау жүргзілді, соның аясында қызметкерлер бригадалармен бірге шақыруларға барды. Талдау қорытындысы бойынша операторлардың ақпаратты кеш беруі мен кезекші ауруханаларда азаматтарды қабылдаудың сапасыз ұйымдастырылуы бойынша ескертулер жасалды. Бұдан басқа, жедел жәрдемнің шақырулар бойынша кеш баруының объективті себептері де бар, мысалы жолдардағы кептелістер, «Bus Lane» бақыланбайтын жолақтары, тұрғын үйлер аумағында заңсыз орнатылған шлагбаумдар. Осыған байланысты, сәулет, тұрғын үй инспекциясы басқармаларына, аудан әкімдіктері мен жергілікті полиция қызметіне ескертулерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Отырыс барысында денсаулық сақтау саласы қала әкімдігі қызметінің басым бағыты болып қалатыны атап өтілді. Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Елордада жаңа нысандар бой көтеріп, материалдық-техникалық база жақсартылуда, денсаулық сақтау саласы жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында жедел жәрдем мамандарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша қосымша шаралар қарастырылған.
Елорда әкімі өзінің орынбасары Ермек Аманшаевқа барлық ауруханалар мен емханалар бойынша мұқият талдау жүргізуді және Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысын бақылауға алуды тапсырды.
«Егер мәселелер бар болса, оларды айтып, шешу керек. Ештеңені де жасырмаңыздар», -деді Ә. Жақсыбеков. Оның айтуынша, қалалық денсаулық сақтаудың сапасын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуге тиіс. Бұған ең алдымен қала тұрғындары өз бағасын беруі қажет.
Мұнымен қоса, аппарат отырысында заңсыз орнатылған сауда нысандары бойынша мәселелер көтерілді. Аталған нысандар қаланың көркін бұзып, нысан иелері салық төлеуден жалтарады және оны күтіп ұстау ережелерін сақтамайды. Қала басшысы заңсыз орнатылған объектілердің иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, оларды ресми тіркеу және сәйкесінше рәсімдеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері