Л.Ни: Ассамблея әлемдегі тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарады

18 Сәуір, 2016 16:54
Ассамблея әлемдегі тұрақтылықты біздің елде ғана сақтап қоймай, сонымен қатар Қазақстаннан терең шеңберге де шығады, деп Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«ҚХА-ның XXIV сессиясында тәуелсіздік, келісім және болашағы бірыңғай ұлт тапсырмалары қойылады. Егер тәуелсіздік тапсырмасы тұрса, онда елімізде тәуелсіздікті сақтау мақсатында саясатты одан әрі жалғастырамыз, егер келісім болса, келісімді дамыту бойынша жұмысты тереңдете түсеміз. Болашағы бірыңғай ұлт  мәселесі – «Бірлік пен бірегейлік» атты төртінші институционалдық реформаны дамыту болып табылады»,-деді Л.Ни.

ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, Ассамблея әлемдегі тұрақтылықты біздің елде ғана сақтап қоймай, сонымен қатар Қазақстаннан терең шеңберге де шығады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы көп ұлтты және ҚХА-ның әрбір мүшеселері өздерінің тарихи отандарынан халықаралық байланыстарды енгізеді. Оған халықаралық жобалар дәлел болады. Мысалы, ЭКСПО-2017 көрмесі – ол біздің бағыттарымыздың бірі және шығармашылық мәселелерді шешу қажеттігін айтады»,-деп толықтырды Л.Ни.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар