Алматыда дәрі бағасын ұстап тұру бойынша меморандумға қол қойылды

18 Сәуір, 2016 16:38
Алматы қаласы бойынша медицналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитет департаменті, қала әкімі және Қазақстан фармацевтикалық ассоциациясы дәрілік заттардың және медицанаға арналған бұйымдардың бағаларын ұстап тұру жөнінде меморандумға қол қойды. Әкімдіктің хабарлауынша, құжатқа 105 түрлі препараттар бойынша қол қойылған.

Келісімге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту Ассоциациясының президенті Марина Дурманова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Ассоциациясының президенті Серік Сұлтанов, Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнім өндірушілердің халықаралық Ассоциациясының президенті Вячеслав Локшин, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнісмдер дистрюбитерлер Ассоциациясының директорыНаталья Гунько және үнділік «ИНЧАМ ФАРМА» фармацевтика өндірушілер Ассоциациясының төрағасы Сом Партхо Сартхи қол қойды.

Қол қойылған меморандумның мақсаты халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған. Отандық және халықаралық дәрілік заттар мен медицинаға арналған бұйымдарды өндірушілер, дистрибьютерлер мен дәрілік заттардың бөлшек саудасымен айналысатын өкілдер 2016-шы жылдың 1-ші сәуіріндегі деңгейде 105 затқа бағаны ұстап тұру туралы өздеріне әлеуметтік жауапкершілікті алды. 

Барлық жаңалықтар