• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі инвестициялық портфелінде 228,1 млрд. теңгені құрайтын 320 инвестициялық жоба бар

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі инвестициялық портфелінде 228,1 млрд. теңгені құрайтын 320 инвестициялық жоба бар

20 Қараша, 2013 14:30
Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі инвестициялық портфелінде 228,1 млрд.теңгені құрайтын 320 инвестициялық жоба бар, деп Ұлттық холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі инвестициялық портфелінде 228,1 млрд.теңгені құрайтын 320 инвестициялық жоба бар Холдинг сарапшыларының мәлімдеуінше жаңа өндіріс орындарының құрылысы мен жүзеге асырылуы 12 мың жұмыс орындарын қамтамасыз етті», - делінген хабарламада.

 Құс фабрикалары: құны 32,01 млрд.теңгені құрайтын жылына 801,8 млн.дана жұмыртқа мен 68,2 мың тонна құс етін шығару өндірістік қуаттылығы бар 23 жоба мақұлданған.

Жалпы, "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі 2013 жылы 183 млрд.теңге бөлініп, оның бүгінгі күні 153 млрд.теңгесі меңгерілді.

Барлық жаңалықтар