ҚТЖ «Бригадир конверті» сәлемдемесін іске қосты

18 Сәуір, 2016 20:09
Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсету саласында сәлемдемелерді жедел жеткізетін «Бригадир конверті» деп аталатын жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлады ҚТЖ АҚ.

Қазірдің өзінде «Бригадир конвертімен» пойыз бастығы арқылы (тиісінше рәсімдеп, түбіртек алып) Қазақстанның кез келген нүктесіне сәлемдемелер жіберуге болады. Сіздің жіберген дүниеңіздің уақтылы және дін аман жетуіне пойыз бастығы тікелей жауап береді.

Сәлемдеме ретінде  тек қағаз күйінде А4 қалыбынан аспайтын және қалыңдығы 3 см дейін  конверттер қабылданады.

Алушы адам табылмаса сәлемдеме 30 жұмыс күні бойы сқталады. Егер алушы келмесе 30 күннен соң темір жол учаскесінің жауапты тұлғасы сәлемдемені пошта арқылы конвертте көрсетілген мекен-жайға қайта жібереді.

 

 

Барлық жаңалықтар