• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында жыл басынан бері мемлекеттік органдармен 2 млн 600 мың қызмет көрсетілді

Жамбыл облысында жыл басынан бері мемлекеттік органдармен 2 млн 600 мың қызмет көрсетілді

18 Сәуір, 2016 16:04
Жамбыл облысында жыл басынан мемлекеттік органдармен 2 млн 600 мың қызмет көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы Болат Әлмұқанұлы Исақов мәлімдеді.

“Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтер 25 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 14 облыстық басқармаларымен, сондай-ақ Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдарымен, мемлекеттік ұйымдармен көрсетіледі.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік органдармен барлығы 354 қызметтің түрі көрсетіледі, оның ішінде 180 түрі ОМО АБ-мен, 174 ЖАО.

Мемлекеттік органдардың есептік мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік органдармен барлығы 2 590 890 (ЖАО – 2 180 922 (84%), ОМО АБ – 409 968 (16%) қызмет көрсетілген, оның ішінде:

- мемлекеттік органмен (бағынысты ұйыммен) қағаз нысанда 200 953  қызмет көрсетілген, яғни көрсетілген қызметтердің жалпы санының 8%;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде 2 028 444 қызмет көрсетілген - 78%;

136 745 немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 5,2% Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген, оның ішінде электронды түрде 224 748 (8,6%) қызмет көрсетілген,-деп мәлімдеді.  

Департамент басшысының мәлімдеуінше, талдау барысында психиатрлық диспансермен көрсетілетін «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметі үшін төлемақы мөлшерінің негізсіз екені анықталды.Департаменттің ұсынысын қарау нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен психоноврологиялық ұйымнан анықтама алу мемлекеттік қызметінің ақысы 250 теңгеден 200 теңгеге төмендетілді.

" Қазіргі уақытта Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесіп облыс аумағында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық мониторинг жүргізу мәселесі қарастырылуда.Қоғамдық мониторинг Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданында әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 52 түрі бойынша жүргізілетін болады.Қоғамдық мониторинг жүргізуге жергілікті бюджеттен 2 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, қазіргі уақытта осы қызметтерді мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде",- деп айтты Болат Әлмұқанұлы.

 

Барлық жаңалықтар