Қазақстанда мүгедектерге арналған 11 спорт клубы жұмыс істейді

18 Сәуір, 2016 12:51
Бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедектерге арналған 11 спорт клубы жұмыс істейді. Олар: Астана, Алматы, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, СҚО, ШҚО, Маңғыстау, Қостанай облыстарында орналасқан, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкіметтік сағат барысында.

«Бұқаралық спорттың маңызды факторларының бірі  дене шынықтыруға мүмкіндігі шектеулі жандарды тарту болып табылады. 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны өсіп, 25 мың адамды құрады, яғни мүгедектердің 9,7 пайызын құрайды», - деді А.Мұхамедиұлы.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде республикада мүгедектерге арналған 11 спорт клубы жұмыс істейді. Олар: Астана, Алматы, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, СҚО, ШҚО, Маңғыстау, Қостанай облыстарында орналасқан.

«2 мамандандырылған мектеп Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан, 1 балалар және жасөспірімдер мектебі Павлодар облысында,  «Мұз айдыны» 1 бөлімі Қызылордада орналасқан, нысандарда 5 мың адам шұғылданады», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар