• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы 4 млн-нан астам қазақстандық спорттағы нормативтерді тапсыруға қатысты

2015 жылы 4 млн-нан астам қазақстандық спорттағы нормативтерді тапсыруға қатысты

18 Сәуір, 2016 12:19
Президенттік тестілеу аясында 4 млн-нан астам қазақстандықтар спорттағы нормативтерді тапсыруға қатысты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәжіліс Парламентінде «Қазақстан Республикасында бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі іс-шаралар жүйесі» тақырыбындағы үкіметтік сағатта айтты.

«Жаппай спорттық іс-шараларда ең маңыздысы Салалық заңдармен енгізілген  ҚР Тұңғыш Президентінің тестілеуін тапсыру. Бұл ЕҚД нормативтерін жетілдіру, яғни балалардың, жастардың, ересектердің дене дайындығы бойынша нормативтік талаптар жиынтығын білдіреді»,-деді министр.

Ведомство басшысы хабарлағандай, аталмыш Тестті тапсыруда 2015 жылы  4 млн-нан астам адам қатысты.

«4 млн адамнан 69 мыңы Президенттік деңгей нормативін тапсыра алды, оның ішінде ауылдарда – шамамен 57 мың адам, ал 144,5 мыңы ұлттық деңгейдегі нормативтерді орындады, оның ішінде ауылдарда – 48,4 мың адам»,-деді министр.

Сонымен қатар, қатысушылардың ұлғаюына орай өткен жылғымен салыстырғанда көрсеткіштердің артығымен орындалғаны байқалады, яғни 18,1%-ды құрайды.

Айта кетейік, Тестілеу өзінде күшті, шыдамдылықты, жылдамдықты қамтитын жаттығу түрлерінен тұрады. Алғаш рет Президенттік тестілеу АҚШ тәжірибесіне негізделген Президенттік тест ретінде Министрлікпен 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекетттік бағдарлама аясында енгізілді.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы Президенттік тестті тапсыруда мемлекеттік қызметкерлер белсене қатысатындығын атап өтті.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясында» Президент: «Дене шынықтыру және спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығына  айналуы керек. Салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады»,-деді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, сонымен қатар 30 пайыз тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен қамту бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында жаппай спорт іс-шараларының дамуына көп көңіл бөлінуде»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар