• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұхамедиұлы: Бүгінгі таңда республика бойынша 36 мың спорт нысаны жұмыс істеп тұр

А.Мұхамедиұлы: Бүгінгі таңда республика бойынша 36 мың спорт нысаны жұмыс істеп тұр

18 Сәуір, 2016 12:04
Бүгінгі таңда Ұазақстан бойынша 36 мың спорт нысаны жұмыс істеп тұр, деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту туралы Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

««Қазақстан - 2050» Стратегиясында Еліміздің Президенті спорт нысандары жетіспейтінін және дереу дене спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізуде ерекше атап өткен. Аталмыш тапсырманы орындау үшін министрлік 42 спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысына бастамашылдық жасады. Осы уақытқа дейін 18 спорттық-сауықтыру кешені салынды»,-деді А.Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, статистикалық сараптама дерегі республикада бүгінгі таңда 36 мың спорттық сындардың жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Оның ішінде 24,5 мың білім беру мекемелеріндегі нысандар, бір жарым мыңы сполрт мектептеріне тиесілі болса, 9 мың нысан дене шынықтыру және спорт нысандарына арналған.

«Сондай-ақ, сараптама 43,4 % халыққа спорт залдары қажеттігін, жетіспеушілік 56,6 % екенін көрсетіп отыр. Оның ішінде ауылды жерлерде  80% жетіспеушілік бар. Бұл тек 20-25% ғана ауылдық спортпен шұғылданады, дегенді көрсетеді. Атап өту керек, 8 аймақта жоспарланған 18 спорттық-сауықтыру кешені ел халқын спорттық-сауықтыру қызметімен қамтамасыз етуде айтарлықтай рөл ойнайды. Бұл спорттық-сауықтыру кешендері бұрын ешқандай спорттық нысандары болмаған шалғайдағы ауылдық аудандарға салынды. Ертең осы аудандардан болашақ әлем, республика және Олимпиада чемпиондары шығады»,- деп сендірді министр.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар