• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 15,1% балалар мен ерсектер дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады – ҚР МСМ

ҚР-да 15,1% балалар мен ерсектер дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады – ҚР МСМ

18 Сәуір, 2016 11:27
ҚР-да 15,1% балалар мен ерсектер дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады, деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту туралы Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

«Қазақстан спортының болашағы үшін жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған жасөспірімдер мектебі жүйесінің дамуы өте маңызды. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 4-ге артты. Жалпы 439 бірлікті құрайды. Бұларда 300 мың оқушы спортпен шұғылданады. Жалпы елімізде 15,1% балалар мен ерсектер дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады»,-деді А.Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында спорт клубтары мен жасөспірімдер спорт мектептерін кеңейтуге, оларды спорт залдармен қамтамасыз етуге, қажетті қондырғылар орнатуға мүмкіндік бар.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар