- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық сот жүйесі жаһандық бәсекелестік рейтингісінде өз жағдайын 23 сатыға жақсартты – Н. Назарбаев
Қазақстандық сот жүйесі жаһандық бәсекелестік рейтингісінде өз жағдайын 23 сатыға жақсартты – Н. Назарбаев
«Судьялардың VI Съезі Қазақстан үшін тарихи құбылыс. Тура бір жыл бұрын мен елдің 2050 жылға дейін даму жоспарын ұсындым. Біз өз стратегиямыз жайлы айтқанда күмәндану мен сынға ұшыраймыз. Алайда, 2030 бағдарламасы 16 жылға ерте орындылды, ол біздің бағытсыз жұмыс істей алмайтындығымыздың көрсеткіші. Кеме өз бағытын білсе оған жел төтеп бере алмайды. Біз бағыт қойдық, мақсаттарымыз бен мәреміз айқын. Біз жаңа саяси бағыттың барлық векторына тапсырма жүктедік. Олар белгілі жұмыстарды атқаруда. Оның барлығы 30 дамыған елдің құрамына қосылу жолында жасалып жатқан жұмыстар», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, 21 ғасырда ұлттың дамуының басты бағыты – ұлттық сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуі.
«Тәуелсіз әділ сот – – кез келген мемлекет қызметінің басты діңгегі . Бұл жүйесіз бірде бір елде инвестициялық климат орнатылмайды», - деді Елбасы.
Президент атап өткендей, тәуелсіз әділ сот – кез келген мемлекет қызметінің басты діңгегі. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, оның ішінде ең дамыған мемлекеттерде, жайлы инвестициялық климат қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын арттыру және кез келген қоғамның сәтті дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
«V Судьялар съезі өткелі бері 4 жылдың ішінде еліміздің сот жүйесі бірден 23 сатыға жағдайын жақсартқан. Оған жаһандық бәсекелестік рейтингіндегі тәуелсіз соттардың дәрежелері дәлел бола алады – бұл жақсы көрсеткіш. Соған қарамастан, біз әлі де 80-орындамыз. Яғни, бұл жерде де үздік 30-дың қатарына ену үшін жағдайымызды әлі 50 сатыға жақсартуымыз керек. Сол себепті бұл саладағы атқарылып жатқан жұмыстарды күшейтіп, құқықтық жүйедегі, оның ішінде аталмыш саланың бас өзегі – әділ сот жүйесіндегі реформалар белсенділігін еселей түсу маңызды», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Осы орайда Елбасы барлық салада құқықтық жүйенің бәсекелестік қабілетін арттыру «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарының бірі екенін еске салды.
VI судьялар съезінің негізгі міндеті, Мемлекет басшынысың айтуынша, еліміздегі сот саласының беделін, тәуелсіздігі мен тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстарының басым бағыттары мен нақты тетігін айқындау болуы тиіс.
Айта кетейік, форумға қатысушылар соттың тәуелсіздігі мен құқық қорғау механизмдердің дамуы, сот кадрларының біліктілігн арттыру сынды сұрақтарды талқылайды. Күн тәртібінде - Мемлекет басшысы ҚР судьяларының V съезінде жүктеген тапсырмаларының орындалуы, Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуінде сотың нақты қызметі сынды тақырыптар қаралады.
Съезге Қазақстанның әр аймағынан 600 сот өкілдері қатысты. Шақырылғандар арасында – Ресей, Молдовия, Украина, Қырғызстан, Грузия Жоғарғы сотының жетекшілері бар. Шалғай шетелді БАӘ, Сауд Арабиясы мен Германия таныстырды. Сондай-ақ, форумға ЕҚЫҰ, БҰҰ, ТМД Еуропалық кеңесінің өкілдері мен ЕуАзЭҰ соттары қатысуда.
Айта кетейік, судьялардың съезі 4 жылда бір рет жоғары мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен өтеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады