Жамбыл облысында мемлекеттік қызметшілердің 90%-дан астамы оқытылды

18 Сәуір, 2016 14:48
Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жалпы 322 мемлекеттік қызметші оқуға тиіс болған, оның ішінде 293 мемлекеттік қызметші оқытылған. Жоспар 91% -ға орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы Болат Әлмұқанұлы Исақов хабарлады.

Жалпы өңірде 322 мемлекеттік қызметші оқуға тиісті болған, оның ішінде 293 мемлекеттік қызметші оқытылған. Жоспар 91% орындалды.

Барлық оқытылмаған 29 қызметші объективтік себептермен оқытудан өтпеген (жұмыстар босату, ауысу, бала күтүмі бойынша демалыс, зейнетке шығу және т.б.). Айтарлықтай, департаменттің 9 қызметкері мемлекеттік қызметшілерді өңірлік оқыту орталығында дәріс өткізеді.

Есептік кезең ішінде мемлекеттік қызметшілерді өңірлік оқыту орталығымен 8 млн. 370 мың. теңге игерілді.

“Облыс аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны - 5194 бірлікті, оның ішінде 6 - мемлекеттік саяси қызмет лауазымдары, 16 - «А» корпусының және 4678 - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымдары құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 4700 қызметші, яғни есепті мерзімге облыс бойынша 494 бірлік бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымдары бар немесе жалпы штат санының 9,5%. Жыл басында болған сандық көрсеткіштен мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 106 адамға азайып отыр”,- деді Департамент басшысы.

Оның мәлімдеуінше, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 46,2% (2173) әйелдер. Білімі бойынша 87,8% (4126) жоғары білімі бар қызметшілер. Мемлекеттік қызметшілердің орташа мемлекеттік қызмет өтілі 11,7 жылды, ал нақты лауазымдағы орташа қызмет өтілі 3,5 жылды құрап отыр.  Мемлекеттік қызметшілердің ішінде 30 жасқа дейінгі жастардың үлесі 19,7% (927) болса, орташа жасы 40,9 жасты құрайды.Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі 20 (0,4%) қызметші  мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Барлық жаңалықтар