• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР МСМ 2020-шы жылға қарай 30% халықтың спортпен жүйелі шұғылдануларын қамтамасыз етуді жоспарлауда

ҚР МСМ 2020-шы жылға қарай 30% халықтың спортпен жүйелі шұғылдануларын қамтамасыз етуді жоспарлауда

18 Сәуір, 2016 11:09
2020-шы жылға қарай Қазақстанда 30% халықтың спортпен жүйелі шұғылдануларын қамтамасыз ету жоспарлануда, деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту туралы Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының аясында 2014-2018 стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында  Мәдениет және спорт министрілігі бұқаралық сплортты дамыту мен  халыққа салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарды. «100 нақты қадам» жалпыұлттық жоспарды орындау аясында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025-ші жылға дейін дене шынықтыру мен спортты дамыту концепциясы қабылданды және қазіргі уақытта іс-шара жоспарлары бекітілді»,-деді А.Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, ведоство басшысының айтуынша, министрліктің стратегиялық бағыттарының бірі – 2020-шы жылға қарай 30% халықтың жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету.

«Бұл бағыт бойынша, республикада бұқаралық спорт пен оның инфроқұрылымын дамытып, материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде шаралар қолға алынды»,-деп түсіндірді министр.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар