ИИДМБ: Жамбыл облысында алтын өндіретін шағын зауыт ашылады

18 Сәуір, 2016 12:37
Жамбыл облысында жуырда алтын өндіру шағын зауытының құрылысы басталады. Кәсіпорын 1500 кг алтын өндіретін болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Зауыт қызметінің негізгі бағыты 75%-дық  алтын-күміс концентратын алумен алтын қоспасы бар  кендерді байыту және қайта өңдеу болып табылады.

Ол Қордай ауданы Қырғау кен орнында игеру базасының негізінде жүзеге асырылады.

Жоба 2015 жылдан бастап индустриялық - инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде іске асырылуда.

Жобаның бастамашысы – «Алатау–Кордай» ЖШС-сі. Жалпы құны  692,2 млн. теңгені құрайды.

Бүгінде Қырғау кен орнын барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар дайындалған. «Казюжгипроводстройпроект» арқылы инфрақұрылымды құруға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшін келісім-шарт жасалды.

Ал, 28 га аумағына зауыт құрылысын жүргізу үшін жер пайдалану құқығын алуға құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталу сатысында.

Кәсіпорынның құрылыс жұмыстарына ондаған адам тартылып, қосылған соң 48-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар