• Басты
  • Австралиялық ғылыми орталықтар мен «жасыл» энергетика саласының компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылады
18 Сәуір, 2016 13:07

Австралиялық ғылыми орталықтар мен «жасыл» энергетика саласының компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылады

«ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Австралияға барды.
Австралиялық ғылыми орталықтар мен «жасыл» энергетика саласының компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылады

Сапар барысында Аустралияның Сыртқы істер министрлігі және Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің басшылығымен, Виктория штатының заң шығару кеңесі төрағалары және Сауда министрлігі хатшысының орынбасарымен, сондай-ақ Канберра мен Мельбурнның іскерлік және ғылыми топтарының өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Аустралияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Рик Вельспен келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Аустралия арасындағы екіжақты ынтымақтастық ахуалы мен алдағы даму перспективалары, визалық тәртіпті жеңілдету және Аустралияның Қазақстанда бас консулдығын ашу мүмкіндігі туралы мәселелерді талқылады.

Р. Жошыбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы бойынша келіссөздер кезінде және «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізу бастамасына қолдау көрсеткені үшін аустралиялық тарапқа алғысын білдірді. Өз кезегінде Аустралия дипломаты Қазақстан өңірдің жетекші ел ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесін жоғары деңгейде өткізетіндігіне толықтай сенетіндігін жеткізді.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде вице-министр Хелен Гайзес Аустралия 2006 ж. Энергия тиімділігі бойынша заңға сәйкес баламалы энергия көздерін дамытып келеді және жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін баламалы энергетиканы жалпы энергия тұтынудың 23 пайыз деңгейіне қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті. 2015 жылы Аустралияда 1 миллионнан астам үйлердің шатырларында күн батареялары орнатылған.

Мельбурн қаласында «ЭКСПО-2017» Комиссары заң шығару кеңесі төрағалары Брюс Аткинсон және Тельмо Лангуйлер-Торнезимен, сондай-ақ Виктория штатының Сауда министрлігі хатшысының орынбасары Джейм Микпен кездесу барысында Виктория штатының ғылыми-зерттеу орталықтары мен компанияларының Астанада өтетін көрмесіне  қатысуы Қазақстан мен Аустралия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына және жаңа дәрежеге шығуына ықпал етені талқыланды. Дж. Мик Виктория штатының компаниялары «жасыл» энергетика саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.

Сапар барысында Р. Жошыбаев осы аймақтағы «жасыл» экономиканы дамытуға атсалысатын ғылыми-зерттеу орталықтары, университеттері, колледждер мен оқыту қауымдастықтарын біріктіретін жетекші білім беру мекемесі «Монаш Университетінде» болды. Университет ғалымдары «болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігін және Қазақстан Республикасы Президентінің «ЭКСПО-2017» негізінде БҰҰ-ның «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту орталығын құру бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Қазақстан мен Аустралия. Жаңа мүмкіндіктер» бизнес-конференция шеңберінде екі ел алдында тұрған ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы тақырыптық пікірталас жалғасты. Конферецияның ұйымдастырушылары Аустралия Ұлттық университеті мен Мельбурн қаласындағы ҚР-дың құрметті  консулы Эндрю Фэрнихоу болды. Іскерлік және ғылыми топтар өкілдерінің алдында «ЭКСПО-2017» Комиссары екіжақты ынтымақтастық спектрін кеңейтетін әлемге әйгілі Көрмеге дайындық барысы мен Қазақстанда бизнесті дамытудың әлеуетті мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.

Конференция қорытындысы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ-мен аустралиялық Swagmantour жетекші туристік агенттігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Қазақстан Республикасын және «ЭКСПО-2017» көрмесін  Аустралияда туристік бағыт ретінде ілгерілетуді көздейді. 

Барлық жаңалықтар
3.237.254.197, 192.168.88.100