- Басты
- Жаңалықтар
- Армия спорт клубының ефрейторы Риоға Олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды
Армия спорт клубының ефрейторы Риоға Олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды
80 келіден жоғары салмақта жартылай финалдық жекпе-жекте Армия орталық спорт клубының спортшысы, ҚР спорт шебері, ефрейтор Руслан Жапаров пәкістандық таэквондошы Аршад Атиефті ойсырата жеңді. Шешуші кезеңде Жапаров Қытайдың спортшысынан жеңіліп, бәсекенің күміс жүлдегері атанды.
Лицензиялық турнирдің ережесі бойынша пәкістандық спортшыны жеңгенінің арқасында ефрейтор Руслан Жапаров алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарға жолдама алады.
«Олимпиадаға қатысуға ұтып алынған жолдама – бұл спортшымыз бен бүкіл бапкерлер штабының қажырлы еңбегінің жемісі. 2015 жылдан бастап Руслан жолдаманы жеңіп алу үшін ұпай жинай отырып, әртүрлі халықаралық додаларға қатысты. Үйге оралысымен Жапаровты Алматы қаласындағы қалпына келтіру жиындары күтіп тұр. Одан кейін Корея мен Бразилиядағы жиындарда Олимпиадаға қызу дайындықты бастаймыз», - деп спортшымыздың бәсекеге қатысуы мен Олимпиадалық ойындарға дайындалу бойынша әрі қарайғы жоспарлар туралы таэквондодан АОСК командасының аға бапкері, капитан Әнуар Үсенов айтып берді.
Руслан Жапаров ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылар қоржынына сегізінші Олимпиадалық жолдаманы еншілегенін естеріңізге сала кетейік.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек