ИИДМБ: Ақтөбеде 2 млрд теңгенің 6 жобасын жүзеге асыру қарастырылған

18 Сәуір, 2016 10:12
Ақтөбе облысының әкімдігінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс болып өтті, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

«1 тоқсанда негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 84 млрд теңге немесе 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 100,6% құрады», - делінген хабарламада.

Индустрияландыру картасы аясында 2016 жылы жалпы құны 8 млрд теңгеден асатын 6 жоба жүзеге асырылып, 413 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артты. Дей тұрғанмен, негізгі капиталға құйылатын инвестиция мен бюджетке түсетін салықтық түсімдер, құрылыс жұмыстарының көлемі азайған.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері саны кеміген, ал ауыл шаруашылығында сүт өндірісі көлемі азайды.  

Облыс әкімі негізгі тамақ түрлеріне қатысты бағаларды бақылауды, бюджетті толтыруға қосымша резервтерді іздестіруді, барлық жоспарланған құрылыс жұмыстарының уақытылы басталуы мен сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Cонымен бірге, мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «ЖҚЖК 2020», «БЖК 2020» және шағын фермаларды құру бойынша пилоттық жобаны белсенді түрде жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

 

Барлық жаңалықтар