• Басты
  • Жаңалықтар
  • Біз сотқа келіп түсетін істердің санын қысқарту шараларын қолға алуымыз керек – Қ.Мәми

Біз сотқа келіп түсетін істердің санын қысқарту шараларын қолға алуымыз керек – Қ.Мәми

20 Қараша, 2013 13:00
Біз сотқа келіп түсетін істердің санын қысқарту шараларын қолға алуымыз керек, табыстыратын процедураларды енгізумен және дамытумен шектеліп қалмай, қоғамда жанжалдарды барынша азайтудың кешенді тапсырмалары аясында келіспеушіліктердің шама келгенше сотталмайтын формасын қарастыруымыз керек, деп мәлімдеді ҚР Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан судьяларының VI съезінде.

«Басты назарда заңгерлік тәжірибеге жанжалдарды шешудің баламалы жолдарын енгізу мәселесі болды. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы және оның растаған құқықтық саясат тұжырымдамасының басым бағыты», - деді Қайрат Мәми.

Оның айтуынша, көптеген елдерде медиация институты сотқа дейінгі жағдайларда жанжалдарды шешудің ұтымды құралы екенін дәлелдеген. Өкінішке қарай, жанжалдарды бітістіруде медиативті форманың орнығуы біздің елде өте баяу өтуде және күтілген нәтижені әзірге көрсетіп отырған жоқ. Ал медиация аясында қаралған істердің саны болмашы ғана.

«Қылмыстық-құқықтық сипаттағы медиация қылмыстық процеске дейінгі қолданылатын бітістіру институтының көзбояушы дәрежесінен ары аса алмай тұр. Осылайша бүгінге дейінгі өз тәжірибемізде біз жетістікті байқай алмай отырмыз. Арнайы заңның қабылданғанынан бері өткен екі жылдың ішінде біздің қоғам медиация институтынан әлдебір жаңалық күтумен келеді», - деді ҚР Жоғарғы сот Төрағасы.

Спикердің айуынша, қазылар қазіргі таңда медиация процедурасына қарай өз жұмыстарын ыңғайлай алмай отыр.

Сонымен қатар, еліміздің бас соты Германия мен Англияның медиация институтында жеткен жетістіктерін мысалға келтірді. Оның айтуынша, мұндай іспен неміс елінде штаттық қазылар айналысатын көрінеді. Судъялар жанжалдасқан тараптарды шама келгенше татуластыруға күш салатын көрінеді, егер осы тәжірибе біздің де елде қолданылып жатса, кететін шығын да аз болар еді деп сабақтады сөзін Жоғарғы сот Төрағасы.

«Біз сотқа келіп түсетін істердің санын шынайы қысқарту шараларын қолға алуымыз керек, табыстыратын процедураларды енгізумен және дамытумен шектеліп қалмай, қоғамда жанжалдарды барынша азайтудың кешенді тапсырмалары аясында келіспеушіліктердің шама келгенше сотталмайтын формасын қарастыруымыз керек», - деді Қайрат Мәми.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан судьяларының VI съезінің өтіп жатқаны белгілі. Басты назарда Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елінің құрамына ену жолында сот жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысының Қазылардың V съезінде тікелей бұйырған сот өндірісіндегі күн тәртібіндегі мәселелерді шешу, сот жүйесінің рөлін анықтау болып табылады.

Съезге Қазақстанның әр аймағынан 600 сот өкілдері қатысты. Шақырылғандар арасында Ресей, Молдовия, Украина, Қырғызстан, Грузия Жоғарғы сотының жетекшілері бар. Шалғай шетелді БАӘ, Сауд Арабиясы мен Германия таныстырды. Сондай-ақ, форумға ЕҚЫҰ, БҰҰ, ТМД Еуропалық кеңесінің өкілдері мен ЕуАзЭҰ соттары қатысуда.

Барлық жаңалықтар