Мойынқұм ауданында 2290 млн. теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылуда

18 Сәуір, 2016 08:59
Мойынқұм ауданында 2290 млн. теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабайұлы хабарлады.

«Ауданда 2016 жылдың  3  айында жалпы сомасы 2290 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобалар жоспарланып, аймақтық индустриалдық қартаға енгізілді. Мирный ауылында Шолпан станциясында «Казгранит» ЖШС - 200 млн.теңге, жобаның жылдық қуаты - брусчатка 30 000 кв.метр, гранит блоктары 6000 кв.метр, ақшаға шаққанда 462 млн теңгені құрайтыны көзделіп отыр.  Жоба 2015-2018 жж жүзеге асырылып, тұрақты 40 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланып отыр»,-деді Б.Нұркенов.

Ақсүйек ауылында орналасқан  «Ер - тай» ЖШС- гі – жалпы құны 1,2 млн.теңгені құрайтын, Ақсүйек байыту фабрикасын модернизациялау және жаңғырту жұмыстары арқылы флотациялық - гравитациялық байыту фабрикасына айналдыру жобасын іске асыруда. Жобаның  жылдық қуаты 18,0 мың тонна мырыш және қорғасын концентратын өндеу болса, ақшалай 6974 млн. теңгені құрайды.

Мыңарал ауылдық округі Қашкантеңіз ауылында орналасатын  «Тенардит» ЖШС – жалпы құны 890,0 млн. теңгені құрайтын Қашқантеңіз кен орнында сульфат натрий мен техникалық тұз өндіретін, келешекте осыдан сульфат натриидің А, В маркасын және йодталған тұз шығаратын зауыт құрылысы жобасы жоспарланып отыр. Зауыттың жылдық қуаты заттай көлемде  - 5,0  мың тонна товарлық сульфат натрия және 20,0 мың тонна иодталған тұз болса, ақшалай көлем 461,5 млн. теңге сульфат натрия,  600,0  млн.теңге йодталған тұз (барлығы -  1061,5 млн.теңге) құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 28 адам жұмыспен қамтылады.

Барлық жаңалықтар