- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту басталды
Қазақстанда шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту басталды
Осы көктемде кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген 14 мыңға жуық жас қазақстандық азамат әскери қызметке шақырылуы тиіс. Осы аптада Талдықорғанда шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту басталды.
Алғашқы 55 жаңадан шақырылған бозбала Шығыс Қазақстан облысының ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне қызмет етуге аттанды. Жиын пунктінде жөнелтер алдында шақырылушыларды құрғақ азықпен (жеке рациондық тамақ) қамтамасыз етті. Бұл атаулы іс-шараға шақырылушылардың туған-туысқандары қатысты. «Әскерде қызмет ету – ол еліміздің әрбір азаматының міндеті және парызы. Барша жаңадан шақырылғандардың атынан адал және мүлтіксіз қызмет етеміз деп ант беремін», - деді Алматы облысынан әскерге шақырылған Жалғас Советұлы.
Жергілікті әскери басқарудың облыстық органымен шақырылудың соңына дейін Қазақстанның барлық аумағында орналасқан әскери бөлімдерге тағы да жүздеген адамды жөнелту жоспарлануда. Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде айтқандай, 2015 жылғы күзгі шақырылыммен салыстырғанда шақырылушылардың саны артып келеді. Қалғандары Қазақстанның өзге де әскерлері мен әскери құралымдарына жіберіледі. Осы аптада Астанадан да алғашқы шақырылушылар аттанды. Одан басқа, бүгін Алматы қаласының қалалық жиын пунктінде шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімдері өтуде. Бұл Алматыдан шақырылғандардың алғашқы көктемгі жөнелтілуі. Іс-шараға қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы мен оның құрылымдық бөлімшелері қатысады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды