300 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

16 Сәуір, 2016 15:58
Алматы қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында жалпықалалық сенбілік өтіп, онда көпшілік орындар, арық желілері, өзен жағалаулары мен аула іштері, түрлі аумақтар мен өңірлер тазартылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Сенбілікке Алматы әкімі Бауыржан Байбек, әкім орынбасарлары, әкім аппараты мен қалалық басқармалардың қызметкерлері, Мәслихат депутаттары, қоғамдастық өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері мен спортшылар қатысты. Олардың ішінде ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Әли Оқапов, Сидней олимпиядасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Мемлекеттік академиялық  фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы »оркестрдің бас дирижеріДінзухра Тілендиева, бокстан спортшебері, бокстан әйелдер арасында әлем чемпионы Назым Қызайбай және тағы басқа да өнер мен спорт саңлақтары қатысты.

Сонымен қатар, сенбілікке қоғамдық және жастар бірлестіктерінің өкілдері, ЖОО студенттері қатысты. Көшелерді тазалау мен ағаштар отырғызу қаланың барлық 8 ауданында жүрді. Оған шамамен 300 мың адам қатысты.

Осылайша, сенбілікте 16 мың ағаш отырғызылды. Жалпы осы көктем кезінде  қала бойынша 20 мың ағаш отырғызылатын болады.

Барлық жаңалықтар