• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЮНЕСКО-ның Бас директоры әлемдегі тұрақтылық пен қаупсіздікті нығайтуды қолдау туралы көрегендігін жоғары бағалады

ЮНЕСКО-ның Бас директоры әлемдегі тұрақтылық пен қаупсіздікті нығайтуды қолдау туралы көрегендігін жоғары бағалады

16 Сәуір, 2016 14:31
2016-шы жылдың 15-ші сәуірі күні Франциядағы Қазақстанның елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Нұрлан Даненов Ұйымдың Бас директоры Ирина Боковамен кездесті. Кездесу барысында екіжақты және жан-жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Елші И.Бокованы Қазақстанның мәдени мұраны сақтауда, мәдениеттерді өзара құрметтеу мен төзімділік және білім мен ғылым тұрғысынан ЮНЕСКО-ның аяқталғалы жатқан Атқарушы Кеңесінің жұмысына қосқан үлесі туралы ақпараттандырды.

Кездесуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемді қолдау мен тұрақтылықты дамыту жөніндегі бастамасына баса назар аударылды.

«ЮНЕСКО-ның Бас директоры Н.Назарбаевтың 2015-ші жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде болған кездесуді еске алып, оның әлемдегі тұрақтылық пен қаупсіздікті нығайтуды қолдау туралы көрегендігін жоғары бағалады»,-делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар