• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО Бородулиха ауданында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша медқызметкерлердің тапшылығы шешілді

ШҚО Бородулиха ауданында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша медқызметкерлердің тапшылығы шешілді

20 Қараша, 2013 13:20
ШҚО Бородулиха ауданында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша медқызметкерлердің тапшылығы шешілді. Соңғы үш жылда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында 15 жас дәрігер жұмысқа тартылды, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

 «Аудан медициналық кадрлармен толық қамтылған. Соңғы үш жылда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында 15 жас дәрігер жұмысқа тартылды. ЖОО орындарынан түлеп ұшқан жас мамандарды аудандық әкімдік тұрғын үймен қамтамасыз етті» , - деді аудан әкімі Г.Акулов.

Сонымен қатар, олардың барлығына көтерме жәрдемақысы төленді. Атқарылған іс-шаралардың негізінде аудандағы медициналық кадр тапшылығы мәселесі түгелдей шешімін тапты.

2012 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш аудан болып Бородулихада эндовидео-хирургиялық кешен жұмыс істеуде, оның көмегімен 290 астам ота жасалды.

Барлық жаңалықтар