ҚР ҚК Бас штабы ҚМК ҰҚКҰ жанындағы Әскери комитет отырысына қатысты

16 Сәуір, 2016 12:03
Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы қорғаныс министрлері Кеңесінің жанындағы Әскери комиеттің 8-ші отырысы өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Отырыста ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы әскери қауіпсіздікті сақтау мәселесі маңызды екендігі аталып өтті. Бұл Ұйымға мүше мемлекеттер қызметінің саяси, әскери, экономикалық, ақпараттық және өзге де өмірлік маңызды салаларын қамтиды.

Сонымен қатар, Ұйымның әскери құрылымын одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстың бағыттары сөз болды. Бұл ретте отырысқа қатысушылар ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында әскери қауіп-қатерлерді оқшаулау және бейтараптандыруға басымдық берілетінін айтып өтті.

Отырыс аясында Сәкен Жасұзақов Армения Республикасы ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Юрий Хачатуровпен кездесуі өткізді. Бұл кездесуде ҰҚШҰ шеңберінде әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 Армения Республикасындағы сапары шеңберінде Әскери комитеттің мүшелері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері Кеңесінің төрағасы, Армения Республикасының Қорғаныс министрі Сейран Оганянмен кездесті. Сондай-ақ еске алу мемориалына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Барлық жаңалықтар