Б.Бақауов: Бюджет қаржысының әр теңгесі нәтиже шығаруы керек

16 Сәуір, 2016 13:57
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов VI шақырылымның кезекті облыстық мәслихат сессиясында бюджет бағдарламаларының әкімшіліктеріне бюджет қаржысын пайдаланғанда тиімділік пен басымдық қағидаларын сақтауды тапсырды, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

«Бюджет қаржысының сапалы жұмысқа тиімді жұмсалуын атқарушы билік жағынан да, депутаттық корпус тарапынан да міндетті түрде бақылауды қамтамасыз ету керек. Бюджет қаржысының әр теңгесі нәтиже шығаруы керек. Бізге қаржының мақсатсыз пайдалануына жол бермеудің барлық шараларын қолдану керек. Бүгінгі таңда дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру үшін үлкен қаржы бөлініп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасының жобаларын іске асыруға 5,2 млрд. теңге, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 4,5 млрд., «Бизнестің жол картасы» бойынша 4 млрд. теңге бөлініп отыр. Осыған байланысты барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері тиімділік пен басымдық қағидасын сақтаулары қажет»,-деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында 5 институционалды реформаның жүзеге асуына айрықша көңіл аударды.

Барлық жаңалықтар