- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әйел әскери қызметшілері алғаш рет жауынгерлік КАМАЗ-дың рөліне отырды
ҚР ҚК-нің әйел әскери қызметшілері алғаш рет жауынгерлік КАМАЗ-дың рөліне отырды
«Осы жылдан бастап әйел әскери қызметшілерге КАМАЗ автомобильді техникасын жүргізу бойынша сабақтар өтіп жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық даярлық, атыс және оқ ату даярлығы бойынша сабақтар және тактикалық дәрістер өткізіледі. Әрбір әскери қызметші жынысына қарамастан, жауынгерлік техниканы жүргізе алуы тиіс. Әйел әскери қызметшілер ерлермен қатар барлық практикалық сабақтарды орынадайды. Бұл жауынгерлік іс-қимылдар жағдайында әйел ұрыс техникасында қозғалысты жалғастыра алуы үшін қажет», - деді 83205 ә/б командирі полковник Айдар Абдрахман. Бүгінде әйел әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы оң деп бағалануда. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олар физикалық тұрғыда дайындалған және ерлермен бірге жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеруде. КАМАЗ-дардың тізгінін ұстау оның үстіне, арулар үшін ең күрделі болып саналады. 83205 әскери бөлімінің әйел әскери қызметшілері өздерінің практикалық машықтары мен жауынгерлік даярлықтарын көрсетіп, растады. «Қарулы Күштерде мен 13 жыл қызмет атқарып жүрмін. Күн сайын бізде жауынгерлік әзірлікті арттыру бойынша сабақтар өткізіледі. Жаңа жылдан бастап біз КАМАЗ жауынгерлік техникасын жүргізуді үйрене бастадық. Ең басында қиын болды. Біз саз-балшықты жерде жүргіздік, бірақ, мен тез игеріп алдым және маған өте ұнайды. Менің ойымша, әскерде әрбір әскери қызметші ұрыс техникасын жүргізе алуы тиіс», - деді 83205 ә/б әскери қызметшісі аға лейтенант Гүлден Әлиева.
Әйел әскери қызметшілер ерлермен қатар барлық жүктелген тапсырмаларды орындайтынын айта кетейік. Олардың батылдығы мен жауынгерлік даярлықтарын көрсету үшін Қарулы Күштерде осымен екінші рет «Батыр арулар» байқауы өткізіліп жатыр. Бұл байқауда сыртқы келбеттен басқа, дене даярлығы, шыдамдылық және қойылған тапсырмаларды орындау әзірлігі бағаланады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді