- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық «жасыл экономиканы» қолдау коалициясы ауылдарда әйелдердің кәсіпкерлігін белсенді дамытуда
Қазақстандық «жасыл экономиканы» қолдау коалициясы ауылдарда әйелдердің кәсіпкерлігін белсенді дамытуда
«Coca-Cola Белестері әлеуметтік жобасы Қазақстанда биыл төртінші жыл жүзеге асырылуда. Біз бұл жобаның серіктесіміз және бұл әлемдік үлкен бастамаға қазақстандық үлесімізді қосамыз. Жалпы, бұл Coca-Cola компаниясының бастамасы. Осы арқылы 2020-шы жылға дейін барлық әлем бойынша 5 млн. әйелді бизнеске тартпақ. Қазақстанда біз аталмыш бастамаға «жасыл экономика» және «жасыл технология» компоненттерін қосуды ұйғардық»,-деп мәлім етті ол.
С.Рахымбекованың айтуынша, ауылдағы жұмыссыз әйелдер бау-бақшаны қолға алып, органикалық өсімдік өнімдерін өндірулеріне болады және шағын жылыжайлар ұйымдастырса да болар еді.
«Біз мұнда қандай жылыжайлар немесе қандай көшетханалар құруды және оған қандай технологияны қолдану керектігін, суды қалай үнемдеуге болатынын, тамшылатып суару технологиясын, тыңайтқышты қалай кәдеге жаратуды және тағы осы сияқты барлық технологиялар жөнінде кеңес береміз. Қазір бүкіл әлем органикалық өнім тұтынғысы кееледі. Ал, қазақстандықтар бұл тұрғыда өз экспорттық әлеуетімен бәсекеге қабілеттілік жағынан басымдыққа ие»,-деп түсіндірді С.Рахымбекова.
С.Рахымбекованың айтуынша, биыл әйелдердің оқудан өтіп, грант есебіндегі 1 миллион теңгеге дейінгі қаржыны иемденіп, өздерінің бизнестерін ұйымдастыруларына басымдық берілетін болады.
Индира Кауметова
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді