• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Бижанов: ОА мемлекеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басты мәселе болмақ

А.Бижанов: ОА мемлекеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басты мәселе болмақ

15 Сәуір, 2016 17:42
ҚР БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып бекітілген болса, ядролық қарусыздану және Орталық Азия мемлекеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету Қазақстанның маңызды мәселесі болады. Бұл туралы ҚР Сенат Парламентінің депутаты Ахан Бижанов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтты.

«2010 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға ниетті екендігін жариялымда айтты. Осыған орай, біз ынтымақтастықтың төрт басым бағыттарын ұсынамыз: азық-түлік, су, энергетика және ядролық қауіпсіздік. Қазақстанда осы бағыттар бойынша жақсы әлеует бар»,-деді  ол.

Спикер біздің еліміз жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы болып табылатындығын айтып өтті.

«Ядролық қарусыздану БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның басты мәселесі болып табылады,-деп Сенат депутаты айтып өтті. - Орталық Азия елдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жаһандық мәселе болып табылады».

Қазақстанның еңгісі келетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бүгіндері 5 тұрақты және 10 тұрақты емес мүше-мемлекеттерден құралған, ал Кеңестің басты мақсаты әлемді қолдау және жаһандық маштабта қауіпсіздік. Айта кетейік, Қазақстанның жеңісі біз үшін ғана маңызды емес, Орталық Азия елдеріне де маңызды.

БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі қызметін атқарған кезеңде Қазақстан бүкіл Орталық Азиядағы түрлі проблемаларға әсер етуі мүмкін, оған халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік және шиеленісті қосқанда.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар