• Басты
  • Жаңалықтар
  • ІМД алқа отырысында жергілікті полиция қызметі бөліністерінің жұмысын жетілдіру талқыланды

ІМД алқа отырысында жергілікті полиция қызметі бөліністерінің жұмысын жетілдіру талқыланды

15 Сәуір, 2016 20:24
Астана қаласында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен министрліктің орталық аппаратының, Ұлттық ұланның басшылық құрамының, өңірлік ішкі істер, төтенше жағдайлар және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі және ведомстволық оқу орындары бастықтарының қатысуымен ІІМ-нің алқа мәжілісі болып өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Мәжілісте ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы қаралды.       

Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алуда ішкі істер органдарының өзге де қызметтерімен, жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлескен практикалық жұмыстарын жетілдіру және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.     

Алқа мәжілісінің барысында су тасқынын ескерту, су тасқынының салдарларын жою, зардапқа ұшыраған өңірлердің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру үшін жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар да қаралды.    

Аумақтық бөлініс басшыларының назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы    іс-қимылды күшейтуге, ішкі істер органдары жеке құрамының тәртіп пен заңдылықты сақтауын, қызметтік әдептілік нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге аударылды.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша министрліктің орталық аппараты қызметтерінің және өңірлік департаменттердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.



 

Барлық жаңалықтар