• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің отырысында Еркін сауда аймағы туралы келісім-шартты жүзеге асыру барысы қаралады

ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің отырысында Еркін сауда аймағы туралы келісім-шартты жүзеге асыру барысы қаралады

20 Қараша, 2013 12:39
Еркін сауда аймағы туралы келісім-шартты жүзеге асыру барысы Санкт-Петербургте өтетін ТМД Үкімет басшыларының отырысында қаралады. Бұл туралы Primeminister.kz сайтына ТМД Экономикалық Кеңесінің жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі Комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі Олег Песков хабарлады.

«Есептің мақсаты – Келісім-шарт қатысушыларының қабылданған міндеттерді орындауы туралы мәліметті Үкіметтер басшыларына ұсыну. Оларға өзара саудада арнайы қорғаныс, демпингіге қарсы және өтемақылық шараларды қолдануды, сондай-ақ тауарлар импортына кеден баждарын алу мерзімдерін сақтау жатады», - деп түсіндірді О.Песков.

 2011 жылдың қазанында Еркін сауда аймағы туралы келісім-шартқа Қазақстан, Ресей, Белорусь, Украина, Армения, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан қол қойды. Кейін Келісім-шартқа Өзбекстан қосылды.

Өкілетті өкілдің пікрінше, тағы бір маңызды мәселе ТМД-да тауарлардың шыққан елін анықтау Ережелері туралы Келісімге өзгертулерді талқылау болады. Аталған құжаттағы жаңалықтардың бірі ТМД елдерінде тауарлардың шығуын сертификаттаудың электрондық жүйесін құру және қолдану туралы шешім болуы мүмкін.
 
«Саммит аясында ТМД мүше-мемлекеттердің жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану саласында ынтымақтастығы Тұжырымдамасын және оны жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі шаралар Жоспарын қабылдау жоспарлануда», - деп толықтырды О.Песков.
 
Ол «ЖЭК сферасындағы ТМД елдерінің әлеуетін есепке алғанда аталған саладағы жан-жақты ынтымақтастық қажеттігі артатындығын» атап өтті.
 
«Бірінші кезектегі шаралар аясында ЖЭК сферасында өзара іс-әрекет және үйлестіру тетігін жетілдіру, бірлескен жобаларды, ғылыми бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру қаралады. Бұдан өзге, ақпараттық алмасуды кеңейту және аталған тақырып бойынша білім базасын қалыптастыруды қамту жоспарланған», - деп басып айтты О.Песков.

Сұхбаттасушы атап өткендей, жоспарланған іс-шаралардың негізгі бөлігін 2020 жылға дейінгі кезеңде орындау болжануда.Барлығы саммитте қаржы-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы 27 мәселені талқылау жоспарланған.

 

 

Барлық жаңалықтар