- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отанда» Мемлекет басшысы партия алдына қойған мақсаттарды талқылады
«Нұр Отанда» Мемлекет басшысы партия алдына қойған мақсаттарды талқылады
Бейне-конференциялық байланыс режимінде партияның өңірлік филиалдарының өкілдері де қатысқан шара барысында Елбасының
24 наурызда өткен Саяси кеңес бюросында барлық деңгейдегі фракциялар мен жалпы партияның алдына қойған 6 нақты қадамды іске асыру мәселелері талқыланды.
А.Мырзахметов партия Саяси кеңесі Бюросының және ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия Фракциясының алғашқы отырысында партия Төрағасы қойған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызды екенін алға тартты. Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауда партияның алатын орны ерекше. Сол себепті партия Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партиялық фракциялардың жұмысын жетілдіріп, олардың өзара байланысын нығайту мәселесіне басымдық беруі тиіс.
“ҚР Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі Г.Исимбаева атап өткендей, Фракция жұмысы Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асырудың шеңберінде құрылады. Оның айтуынша, бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспары аясында қабылданған 59 заңның жүзеге асуына жүйелі түрде партиялық мониторинг жүргізіліп, оларды халыққа жеткізу, түсіндіру жұмыстары іске асады. Фракция жұмысын тиімді түрде ұйымдастыру мақсатында оның құрылымы бекітіліп үлгерген”, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы айрықша бақылауда. Бұл үшін түйткілді мәселелер мен бөлінген қаражаттың жұмсалу тиімділігін арттыру бойынша фракция отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ Сайлауалды бағдарламаны уақытылы әрі сапалы іске асыру мақсатында бағдарлама бағыттары бойынша партиялық тәлімгерлер жұмысы ұйымдастырылады. Оған қоса, партия Хатшысы Н.Годунованың айтуынша, партия жанындағы сарапшылық топтардың жұмысы жалғасатын болады. Олардың да құрамы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясы құрамының өзгеруіне байланысты біршама жаңарды.
Партия тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтау мен шешу бағытындағы жұмысын, оның ішінде партиялық жобаларды іске асыруды жандандырмақ. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы, жемқорлыққа қарсы кеңестер мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыс та белсенді жүргізіледі.
Партия хатшысы Ф.Қуанғанов өз сөзінде партия үшін аса маңызды бағыттың бірі Қазақстан халқы ассамблеясымен өзара байланысты орталық және өңірлік деңгейде қамтамасыз ету екендігін қадап айтты.
Партия аппараты басшысы Ж.Қожахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда Фракцияның орталық пен жергілікті жерлердегі жұмысы халықтың ағымдағы мәселелерін шешуге арналу керек. Яғни, бұл үшін де Фракция мүшелерінің қоғамдық кеңестерге қатысуы және екі жақты «кері байланыс» нығайып, қоғамдық қабылдауларда қабылдаулар саны артып, жұртшылықпен тұрақты кездесулер өткізілуі керек.
Осы тақырыпты партия Хатшысы Қ.Жұмашев жалғастырып, жергілікті мәслихаттарға жаңадан сайланған депутаттардың алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Сондай-ақ ол фракция мүшелерінің жұмысы регламент бойынша бағаланып, рейтингісі шығарылатынын қадап айтты.
Ал «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ш.Байманов партияның жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарына тоқталды. Әсіресе осы бағыттағы мелекеттік бағдарламаларға терең талдау жасалатының айтылды.
Сонымен бірге шара барысында Павлодар облыстық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі А.Оспанова мен партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлеймен сөз алып, партияның жергілікті құрылымдарындағы жаңа жұмыс бағыттары жайлы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша партия Төрағасының Бірінші орынбасары партияның алдында тұрған мақсат-міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға барлық мүмкіншіліктері бар екенін айтып, әріптестеріне алдағы жұмыста сәттілік тіледі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай