К.Қадыржанов: Қазақстанда ТБУ құру бастамасы – барша адамзатқа көмек

15 Сәуір, 2016 17:09
Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру бастамасы – барша адамзатқа көмек, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Камал Қадыржанов.

«Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру  шұғыл әрі өте қызықты бастама. Қазақстан барша адамзатқа көмек көрсетіп отыр. Егер саяси себептер бойынша ядролық  державаларға уран алу бойынша жүгінгісі келмесе, Қазақстанда оны жүзеге асыруға болады, МАГАТЭ барлық тәртіптері бойынша ядролық материалдардың жауапкершілігін өзіне ала отырып, уран алып, атом энергетикасын құруға болады. Егер де сіз бейбіт ел болсаңыз, МАГАТЭ барлық талаптарын орындайтын болсаңыз, Қазақстан сізді жанармаймен қамти алады. Бұл өте  тиімді шешім», - деді К.Қадыржанов.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен МАГАТЭ республика аймағында төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге келді. 

Барлық жаңалықтар