ИДМ-де қоғамдық кеңестің 2016 жылға жұмыс жоспары қабылданды

15 Сәуір, 2016 19:48
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң аясында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыру үшін құрылған Қоғамдық кеңестің 3- отырысы өтті, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Отырыста Қоғамдық кеңестің биылғы жұмыс жоспары талқыланып, қабылданды. Атап айтқанда, министрліктің бюджеті мен стратегиялық жоспары, оны орындаудың барысы талқыланды.

Төраға Министрліктің нормативтік-құқықтық актілерін қарауға және бюджетін қалыптастыруда белсенді жұмыс істегені үшін Қоғамдық кеңестің кейбір мүшелеріне алғыс білдірді.

Сондай-ақ отырыста, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің халықтың алдындағы есебіне Қоғамдық кеңестің  де қатысуы талқыланып, нормативтік-құқықтық актілерінің жобасы қаралды, ол бойынша ұсыныстар берілді және Қоғамдық кеңестің жұмыс регламенті қабылданды.

Биыл ақпан айында байқау негізінде жасақталған ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің құрамына  коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері кірді. Кеңестің төрағалығына  ҚР Индустрия және сауда министрлігінің экс-бірінші вице-министрі, қазіргі уақытта «Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының» президенті Андрющенко Александр Иванович сайланды.

 
 
 
 
 
 

Барлық жаңалықтар