• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінде МЖС-ті дамыту бойынша жол картасы дайындалды

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінде МЖС-ті дамыту бойынша жол картасы дайындалды

15 Сәуір, 2016 16:37
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жақын 4 жылға мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бойынша жол картасы дайындалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов.

«Біздің үкіметтің стратегиялық құжатындағы 2019-жы шылға дейін денсаулық сақтау  саласын дамыту бағдарламасында МЖС-ті және инфроқұрылымды дамыту туралы арнайы жазылған. Бұл ҚР Үкіметінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жалпы жеке сектордың бұл салаға қатысуын құптайды деген сөз»,-деп атап өтті Е.Біртанов.

Вице-министрдің айтуынша, бұл үшін бірқатар механизмдер дайындалған.

«Бәрінен бұрын бұл механизмде  әкімшілік кедергілер алынып тасталады да, жеке сектордың денсаулық сақтау саласына белсенді кірісуіне мүмкіндік туғызады. Салалық ведомстволардың ұсынатын талаптарымен санасып, диалог құруға дайынбыз және осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз»,-деп атап өтті министр орынбасары.

Барлық жаңалықтар