• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Біртанов: Денсаулық сақтау саласында МЖӘ жобалары үшін жеке тарифтік саясат әзірленуде

Е.Біртанов: Денсаулық сақтау саласында МЖӘ жобалары үшін жеке тарифтік саясат әзірленуде

15 Сәуір, 2016 15:48
Денсаулық сақтау саласында МЖӘ жобалары үшін жеке тарифтік саясат әзірленуде, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов.

«Тағы бір бағыт – бұл мемлекеттік басқаруға барлқық аурухананы бермеудің жолы, тек сервистік бөлігін ғана тапсыру болып саналады.  Басқармаға лабораторияны жеке тапсыруға болады. Қазір біз жеке  жаңа модельдер мен  ірі компаниялар медициналық қондырғы алу үшін жергілікті серіктестермен бірігіп, радиологиялық бөлім немесе компьютеризацияны қарауға кіргенін байқау аламыз. Оның барлығы тарифке келіп тіреледі», - деді Е.Біртанов.

Оның айтуынша, бүгінде медициналық сақтандырудың барлық сатылары мен механизмдерін әзірлеу бойынша жұмыс жүруде.

«Жалпы, барлық қатысушыларда түсінушілік  бар, Үкімет те жағдайды меңгерген, олар МЖӘ  жобаларына сәйкес  нақты талаптар қажет екендігіне көздері жетіп отыр. Демек, егер инвестор келсе, ол өзінің инвестициясын  қайта қайтарып ала алады», - деді ол.

 

 
 
 
 

Барлық жаңалықтар