• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда МЖС-ті денсаулық сақтау саласында дамыту критерилері жетілдірілуде

Қазақстанда МЖС-ті денсаулық сақтау саласында дамыту критерилері жетілдірілуде

15 Сәуір, 2016 15:17
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов жеке секторда орналасып медициналық қызмет көрсететуді жауып отырғандарға бюджет қаржысын арттыруды ұсынды.

«Бүгін жеке секторда отырып медициналық қызмет көрсететіндерге мемлекеттен 9% ғана қаржы шығады.  Бұл өте аз. Біз бұл қаржыны алдағы үш жылдың ішінде екі есеге артырмақпыз», деді МЖС-ң денсаулық саласында мәселесі бойынша өткен жұмыс тобының отырысында.

«Бұл үшін не істеу керек? Біз мұндай нарыққа оңайшылықпен кіру мүмкін емес екенін түсінеміз. Мәселен, сапалы медициналық қызмет көрсету, консультативтік кеңестер, диагностикалық немесе стационарлық қызметтер көрсету – бұл үлкен инвестицияны қажет етеді. Мысалы, ғимаратты сатып алу немесе жалға алу, не болмаса салу, талапқа сай жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары клиентке түсетін салмақ. Сөзсіз бұл үлкен салмақ»,-деді Е.Біртанов.

Сонымен қатар ол, республикада былайша айтқанда бос тұрған мемлекеттік нысандар да аз емес екендігін де айтып өтті.

«Халық көп бармайтын, жүктемесі аз нысандарда инфроқұрылым бар да, бірақ сапа жоқ. Мойындау керек, осындай нысандар бізде бар. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдар мынаны таразылау керек: үнемі шағым түсетін, ешқандай даму мен өрлеуі жоқ бұл мекемелерді ұстап тұру қаншалықты үнемді, соны ескерулері керек. Немесе бұл нысандарды жеке сектордың қолына беру керек пе. Сонда ойдағыдай әлеуметтік әсер болар. Сапалы қызмет пен азаматтардың денсаулығы, салық, бюджет, жұмыс орыны және тағы басқа да мәселелер өзінен өзі шешілер ме еді. Дәл осы қадам жүзеге асуы керек»,-деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, қазір осы критерилер жетілдірілуде.

«Осы мәселелерді шешудің ұтымды жолы, бұл салада Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту керек, деп есептейміз. Ол инвестициялық шығындарды және тарифке қысымды төмендетеді. Мемлекет үшін тарифке инвестициялық шығындарды қосу үлкен салмақ болады және бюджет пен сақтандыру қорына да жеңіл тимейді. Сондықтан, мына айтып отырған ұсыныс жүзеге асатын болса, денсаулық сақтау нарығында жеке сектордың үлесі бірден артатын болады»,-деп түсіндірді вице-министр.

Барлық жаңалықтар