- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының 90 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгерген
Ақтөбе облысының 90 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгерген
Облыста ұлт бірлігін нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етубағытында жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Ол топонимикалық, социолингвистикалық зерттеулер, мемлекеттік тіл саясатын түсіндіруге, мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыруғабағытталған,насихаттау-имидждік, мемлекеттік тілді оқыту сипатындағы теле, радиожобалар, қазақ, ағылшын, этностар тілдерін оқыту курстары,әртүрлі форматтағы байқаулар, пікірсайыстар, мемлекеттік тілді қолдау ақциялары, балаларға, тіл үйренем деген ересек тұлғаларға арналған дамытушы құралдар, тілашарлар, өз бетімен үйренетін оқу құралдары, салалық тіл үйретуші құралдар, өткізілген сабақтар циклдары, т.т шаралар.
2015 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сәйкес бүгінгі күніоблысымызда мемлекеттік тілді жетік меңгергендердің үлесі 91,3 пайызды құраса, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері 24,5 пайызды құрап отыр.
Облыста қазақ тілін үйренем деген азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Тіл үйрету курстары облыс орталығында және алты ауданда қолға алынды. Тілдерді оқыту орталығы құрылғаннан бері 10 мыңнан астам адам мемлекеттік тілді оқыту курстарымен қамтылды.
Этнос диаспоралар өкілдері үшін ана тілдері және мемлекеттік тілді оқытуға қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар 6 этно-мәдени бірлестік жанындағы жексенбілік мектептерде 2006 жылдан бері жылдан бері
3 мыңнан астам өзге ұлт өкілі өздерінің ана тілдерін (неміс, украин, кәріс, татар-башқұрт, әзірбайжан, шешен тілдері) және мемлекеттік тілді деңгей бойынша оқытумен қамтылды.
Басқарманың тапсырысымен бұқаралық ақпарат құралдарында осы жылы тіл үйрету, мемлекеттік тілдің басқару және іс жүргізу тілі, ұлтаралық келісім мен қазақстандықпатриотизмнің факторы ретінде қолданысын насихаттау мақсатында4 телевизиялық жоба жасалынып, 1 айдар ашылды.
Тілдерді дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі – білім жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшалардың үлесі 70пайызды, жалпы білім беретін мектептердің 64 пайызын құрап отыр. Бүгінгі күні
849 өзге ұлт балалары қазақ бала-бақшаларында тәрбиеленсе, 602 бала қазақ мектептерінде білім алуда.
2014 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін қазақ тілінде әдеби-танымдық «Күншуақ» журналы екі айда бір рет тұрақты түрде жарыққа шығарылуда. 3-7 жастағы балаларға арналған мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған анимациялық көп сериялы фильмнің 2014 жылы алғашқы «Менің отбасым» және «Әдептілік-әдемілік» атты сериясы, 2015 жылы «Менің отаным»және «Кім болам» атты жалғасы жарыққа шықты. Бұл жобалардың шығарылымы алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіруде ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіру, сондай-ақ, көрнекі ақпаратты тіл туралы заңдарға сәйкестендіруді қамтамасыз ету көзделеді.
Облыста ұлттық ономастикалық кеңістіктің қалыптасуына толық ғылыми негіз жасалды. Егемендік алғалы өзгертілуге жататын 167 елді мекен атауларының 142-сі тарихи атауларына ие болды.
Топонимикалықжәнеэтимологиялық материалдармен қатар экономикалық, техникалық үрдістер салдарынан мемлекеттік қорғаудағы және жоғалып бара жатырған флора мен фаунаны сипаттау, фольклорлық, этнографиялық деректер, жаңа ғылыми материалдарды қамтитын өлкетанулық, әлеуметтанулық тұрғыдан маңызды «Туған өлке» энциклопедиялық-ақпараттық анықтамалықтар сериясын шығару қолға алынды. Өскелең ұрпаққа туған өлкесін сүю, өлкетанушылық білімдерін жетілдіру дамыту мақсатында биыл да «Атаулар сыр шертеді» атты облыс әкімінің грантына жастар жобасы жарияланды.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары