- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада электрондық және электр қалдықтарын жинау бойынша акция басталды
Астанада электрондық және электр қалдықтарын жинау бойынша акция басталды
Электрондық және электр қалдықтарын жинау бойынша акция 2016 жылдың 15-ші сәуірінен 15-ші мамырға дейін жалғастырылады.
Акция Қазақстан халқын қоқыстарды бөлек жинау халықаралық тәжірибесіне қатыстыру, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды, оның ішінде электрондық және электр құралдарын жинаудың ең қолайлы тетіктерін айқындау мақсатында өткізілуде. Электрондық және электр жабдықтардың құрамында адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қорғасын, сынап, ПХД (полихлордифенил), асбест және ХФК (Хлорфторкөміртегі) сияқты қауіпті заттар болуы мүмкін.
Акция шеңберінде Астана қаласының тұрғындары мен кәсіпорындар Технодом мен Алсердің сауда залдарында ескі техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін одан әрі кәдеге жарату үшін оларды тапсыра алады. Қалдықтар ретінде тұрмыстық техника (теледидарлар, магнитофондар, электр ойыншықтар, үтіктер, энергия үнемдеуші шамдар, батареялар, фендер, тоңазытқыштарды қоса алғанда, ас үй жабдықтары т.б.), ұйымдастыру техникалары (компьютерлер мен керек-жарақтары, ұялы телефондар, планшеттер, көшіру аппараттары, сканерлер, тонерлер және т.б.), құрамында сынабы бар қалдықтар (люминесцентті шамдар, энергия үнемдеуші шамдар, термометрлер және т.б.) қабылданады.
Акцияға қатысу үшін адамдарды шақыру белсенділер, болашақ экологтар - С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің студенттері мен «PosadiDerevo.kz» республикалық қоғамдық ұйымы қалалық мектептердегі орта және жоғары сынып оқушыларына ағартушылық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ сол жерлерде ескі техникаларды қабылдау арқылы жүргізіледі.
Акцияны өткізу ҚР Энергетика министрлігіне электрондық және электр қалдықтарымен жұмыс істейтін қатысушылармен бірлесіп, Қазақстан үшін электрондық және электр қалдықтарын жинаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ең оңтайлы тәсілдерін айқындауға, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерінің операторы мен электрондық және электр өнімдерін өндірушілердің жинауды және кәдеге жаратуды қаржыландыруға қатысуына мүмкіндік береді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды