- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Алматыда Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған конференцияға қатысты
Мемлекеттік хатшы Алматыда Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған конференцияға қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен конференция жұмысына сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Б.Қ.Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Н.М.Оразалин, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Ж.Жүрінов, ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері, көпшілік қауым өкілдері қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист және этнограф Әлихан Бөкейхановтың жарқын да көп қырлы ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен даму болашағы үшін арнағанын атап өтті. «Алаш» қазақ ұлттық-азаттық қозғалысын басқара отырып, ұлттық мемлекеттігімізді қайта дамыту идеясының қажеттігін негіздеді, оған жетудің жолдары мен әдістерін белгіледі. Әлихан Бөкейханов басты мақсаты тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру болған «Алаштың» негізін қалаушысы және көшбасшысы болып табылады.
Конференция барысында «Алаш» қозғалысы туралы деректі фильм көрсетілді, Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі өткізіліп, Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналының жаңа нөмірі – жалғасының тұсаукесер рәсімі өтті.
Сондай-ақ Алматыға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық кітапхананы аралады.
Мемлекеттік хатшы аралау барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кең ауқымды кітап-иллюстрациялық көрмесімен, кітапханалық істе енгізілген инновациялық әдістермен, мекеменің бұдан әрі дамуы келешегімен танысты.
Гүлшара Әбдіқалықова сонымен қатар оқу залдарын аралап, Түркия, Иран, Пәкістан, Үндістан, Ресей елдері шетелдік кітап бұрыштарының жұмыстарымен танысты. 6,6 млн. астам басылымнан тұратын негізгі қор сақталатын кітап сақтау бөліміне ерекше көңіл бөлінді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі