Қ.Мәми ҚР-дағы сот-құқықтық реформасының нәтижесін мәлімдеді

20 Қараша, 2013 12:24
Қазақстан судьяларның VI съезінде ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми елімізде өткізілген сот-құқықтық реформасының нәтижесін мәлімдеді.

«Қазақстанда толықтай сот реформасының тұжырымдамасы іске асырылды, соттарды ұйымдастыру-құқықтық базасы құрылды, әкімшілік, қылмыстық, әскери және экономикалық істер бойынша мамандандырылған соттар жұмыс істеп жатыр. Соттық былық мәселелерін толық апелляция енгізу арқылы заңнамалық шешім таптық», - деді Қ.Мәми.

Оның айтуынша, барлық деңгейдегі соттарға халықтың жүгіну көрсеткішінің артуы судьялардың беделінің артқанына дәлел. Қазіргі таңда Қазақстанда соттық инстанцияға жүгіну саны 1 млн-нан асқан.

«Азаматтардың соттық қорғау конституциялық құқықты сақтау динамикасы, Еуразиялық сауаттылық деңгейінің артуы мен азаматтардың заңдық сауатты болуы ұлттық құқықтың сапалы дамып келе жатқанын көрсетеді», - деді ҚР Жоғарғы сот Төрағасы.
 

Барлық жаңалықтар