- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ-де мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мәселелері талқыланды
ҚР ДСӘДМ-де мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мәселелері талқыланды
Мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес секторға беру» тақырыбында жиын өтті.
Шараға ҚР ДСӘДМ және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басшылығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, Республикалық медициналық палатасының, «Қазақстан ФармМедИндустрия» фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірушілері бірлестігінің, Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар бірлестігінің, «Медициналық қызметкерлер құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сонымен қатар, кәсіби бірлестіктер (барлығы 79 ҮЕҰ), ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас мамандары қатысты.
Жиында клиникалық хаттамаларды жасаудағы, практикалық денсаулық сақтау саласындағы мамандар мен түлектердің білімі мен машығын тәуелсіз бағалаудағы, денсаулық сақтау саласы мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту мен қосымша білім берудегі кәсіби бірлестіктердің ролі; мемлекеттік қызметтерді денсаулық сақтау саласының үкіметтік емес секторына беру кезіндегі кәсіби бірлестіктердің күшін нығайту қажеттілігі; медициналық қызмет көрсетудің сапасын ұлғайтудағы пациенттерді қорғайтын бейкоммерциялық ұйымдардың ролі және т.б. талқыланды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін ҮЕҰ проблемалары мен перспективаларына баса назар аударылды.
Отырысты қорытындылай келе, Кәсіби бірлестіктер және ҮЕҰ Кеңесін құру шешімі қабылданды. Аталған кеңес үкіметтік емес секторға берілетін мемлекеттік қызметтер тізімін жасап, бекітетін болады, сонымен қатар, алға қойған мақсатты жүзеге асыру бойынша Жол картасын жасайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай