- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Мадам Баттерфляй» туындысының тұсаукесері өтеді
Астанада «Мадам Баттерфляй» туындысының тұсаукесері өтеді
Басты Мадам Баттерфляй партиясында – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (сопрано).
Оның сүйіктісі, американдық флот лейтенанты Бенджамин Франклин Пинкертонның рөлін орындайтын тенорлар – итальяндық опера сахнасының жұлдызы Фабио Армилиато (Италия) және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев. Американдық консул Шарплестің бейнесін сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин мен Талғат Мұсабаев сомдайды.
Меццо-сопрано – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина және Гүлжанат Сапақова Баттерфляйдің айнымас қызметшісі Сузукидің рөлін орындайды. Дирижерлік тізгінде – «Астана Опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев. Қоюшы режиссері – Лоренцо Амато (Италия).
" «Мадам Баттерфляй» – бұл Дж. Пуччини шығармашылығының орта кезеңінің шыңы. Композитор өзін даңққа бөлеген ең сәтті үш операсын – «Богема», «Тоска» және «Мадам Баттерфляйді» бірінен соң бірін жазды. Мен олардың барлығының «Астана Опера» театрында көрсетілетініне өте қуаныштымын. «Мадам Баттерфляй» (1904) операсында ХХ ғасырдың тынысы байқалады. Егер Пуччини бұған дейінгі операларын романтикалық үлгіде жазса, бұл операда ол жаңа формаларды, мысалы оркестрмен орындауға ыңғайлап келтіру жолдарын іздей бастады. Операның барлық тарихы романтикалық пафоссыз келеді, ол кішкентай гейшаның бүгінгі күнде де қайталанып келе жатқан тарихының шынайылығы, өміршеңдігі арқылы көпшіліктің сүйікті туындысына айналды. Бұлай болуының себебі, адам болмысы ғасырлар өтсе де өзгермейді", - деп атап өтті атақты маэстро Алан Бөрібаев.
Спектакльдегі Чио-Чио-санның ұлының рөлін орындауға Никита Чайников және Алиша Нұрмағамбетова дайындалуда. Балалар арнайы іріктеуден өткен, олардың сыртқы келбетімен қатар ынтасы, музыканы тыңдай білу, әртістермен, дирижерлармен және режиссерлармен жұмыс істей алу қабілеті ескерілген.
Декорациялар мен костюмдер аттары аңызға айналған сценограф Эцио Фриджерио және «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапиноның нұсқалары бойынша жасалғанын еске сала кетейік.
«Астана Опера» цехында жүзден астам костюм тігілді. Олардың әрқайсысы - өнер туындысы. Сондай-ақ бас киімдер, жасанды шаштар мен арнайы тігілген аяқ киімдер кейіпкерлердің бейнесін толықтырады. Қойылымда 3D әсерлер қолданылады. Декорациялардың бірегейлігі туралы сенімді түрде айтуға болады: мұндай өзен және мұндай табиғат бейнесі әлемнің бір де бір театрында көрініс тапқан емес.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді -
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды