- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы 255,3 мың адамға көбейді – ҰЭМ
Қазақстан халқы 255,3 мың адамға көбейді – ҰЭМ
«АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016ж. қаңтар-ақпанда туылғандар саны 67,2 (2015 жылғы қаңтар-ақпанда – 63,5) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-ақпанға қарағанда 5,8% көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 31% (33%), 29% (29%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,04 (22,41) туылғандарды құрады», - делінген хабарламада.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 23,3 (22,7) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-ақпанға қарағанда 2,6% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,97 (8,01) қайтыс болғандарды құрады.
2016 жылы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2015ж. қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,1 мың адамға немесе 7,6% көбейіп, 43,9 (40,8) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,07 (14,40) адамды құрады.2016 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейінгі 723 (597) нәресте өлімі тіркелді.
2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 21,1% көбейді. 2016 жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 10,75 (9,44) құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 386 (304) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 53,4% (50,9%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 152 (123) немесе 21% (20,6%), тыныс органдары ауруларынан – 64 (42) немесе 8,9% (7%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 29 (30) немесе 4% (5%) нәресте қайтыс болды.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-ақпанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 25,9% кеміп, 2227 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 21,2% көбейіп, 3371 адамды құрады, көші-қонның айырымы -1144 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 75,5% және 87,3% құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде 2015ж. қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 16,2% азайып, 67339 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,6% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (6584 адам) қаласында және Ақмола (421 адам), Қостанай (324 адам), Павлодар (237 адам), Маңғыстау (210 адам), Атырау (46 адам), Батыс-Қазақстан (43 адам) облыстарында қалыптасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты