Павлодарда 2016 жылғы навигацияға дайындық мәселесі талқыланды

15 Сәуір, 2016 20:09
Павлодарда «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен2016 жылғы навигацияға дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Кеме жөндеуші кәсіпорындарындары бірінің базасында Қазақстан кеме қатынасы тіркелімінің өңірлік қызметкерлері қажетті жабдықтар мен құралдарды қолдану арқылы кемені техникалық куәландыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізді. Кемелерге кезекті куәландыру жүргізу нәтижелері бойынша өңірлік қызметкерлер куәландыру актілерін толтырды. Қазіргі уақытта кәсіпорында куәландыру бланкілерін толтыру процесін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл:куәландырудың барлық актілері мен есептерін толтыру процедураларын оңтайландыруға;деректерді актуальды ету кезінде қателерді азайтуға;есептілікті жинақтау уақытын қысқартуға;кемелердің куәландыру мерзімдерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазіргі уақытта Қазақстан кеме қатынасының тіркелімінің техникалық есебінде 638 кеме бар, жыл басынан бері 21 кеме куәландырылды, 5 ұйымды тану туралы куәлігі берілді, Қазақстан кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауымен 2 кеме жөнделді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар