- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық әскери инженерлер көпірлер салу мен миналарды іздестіруде бақ сынасуда (ФОТО)
Қазақстандық әскери инженерлер көпірлер салу мен миналарды іздестіруде бақ сынасуда (ФОТО)
Осы жылы ҚР ҚК инженерлік әскерлерінің әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындарының екі байқауына алғаш рет қатысқалы тұр. «Қауіпсіз бағдар» байқауы – бұл техникада қозғалысты қамтамасыз ету жасағының құрамында инженерлік-саперлік бөлімшелердің сайысы. Саперлер байқау шеңберінде өткелді, миналық алаңды минасыздандыруды жүзеге асырады, әскерлерге арнап жол төсейді. Инженер әскери қызметшілер танкіге қарсы ор арқылы көпір салады. Жарысқа шұңқырды көміп тастайтын жол төсегіш, орман үйіндісін тырмалайтын инженерлік қоршау машинасы тартылатын болады.
Байқау эстафетамен аяқталады. Қазақстандық инженер әскери қызметшілер аттанатын екінші байқау «Инженерлік формула» деп аталады. Бұл додада инженерлік техника экипаждары бәсекеге түседі. Оған қазаншұңқыр машинасының, жол төсегіштің, инженерлік қоршау машинасының, сондай-ақ жүзбелі транспортердың экипаждары тартылады. Техника экипаждарына бағдар бойынша жүріп өтіп, барлық кедергілерді еңсерге тура келеді. Бүгінгі күні Құрлық әскерлерінің инженерлік бөлімшелері өңірлік қолбасшылықтар деңгейінде іріктеу кезеңдерінен өтті.
Сонымен, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 54770 және 02352 әскери бөлімдері үздік көрсеткіштер көрсетті. Сәуірдің соңына дейін Құрлық әскерлерінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын Ресей Федерациясында өтетін халықаралық кезеңге аттанатын үздік экипаждар мен командалар анықталады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді